Атырау, 29 наурыз 10:22
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ұшақ апаты: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді

2 282 просмотра


Науқастардың жағдайы тұрақты, орташа ауыр деңгейде деп бағаланады. Апатты жағдайда қонған Ан-2 ұшағындағылардың жағдайы туралы Ұлттық шұғыл медициналық көмекті үйлестіру орталығының баспасөз қызметі баяндап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

26 ақпанда сағат 12.42-де ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық шұғыл медициналық көмекті үйлестіру орталығының диспетчерлік қызметіне Өскемендегі санитарлық авиция бөлімінен Прапорщиково ауылы маңына "Орлан 2000" ЖШС-ға тиесілі Ан-2 ұшағының апатты жағдайда қонғаны туралы ақпарат келіп түсті. Ұшақ сағат 12.15 минутта Өскемен - Ақсуат - Өскемен бағыты бойынша әуеге көтерілген. Бортта үш адамнан тұратын ұшақ экипажы және екі адамнан тұратын жылжымалы жедел жәрдем бригадасы қызметкерлері болды, - делінген хабарламада.

Оқиға орнына екі жедел жәрдем бригадасы мен өрт сөндіру көлігі жіберілді.

Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін зардап шеккен барлық бес адамға апатты жағдайға арналған медициналық топ көмек көрсетті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер Өскемен қаласының №1 қалалық ауруханасына жатқызылды, оларға тиісті медициналық көмек көрсетіледі. Науқастардың жағдайы тұрақты, орташа ауыр деңгейде деп бағаланады, - деп хабарлайды Ұлттық шұғыл медициналық көмекті үйлестіру орталығының баспасөз қызметі.

Дереккөз: Zakon.kz

26 ақпан 2020, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.