Атырау, 23 сәуір 17:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Семейде сержант сарбаздардың азық-түлігін ұрлаған

2 446 просмотра

mod.gov.kz

Семейде әскери бөлімінің азық-түлік қызмет қоймасының басшысы 3 жыл 6 айға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әскери соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери соттың мәліметінше, әскери бөлімінің азық-түлік қызмет қоймасының бастығы лауазымда бола тұра, 2018 жылдың қыркүйек 2019 жылдың мамыр аралық кезінде оған сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп, азық–түлік қоймасынан 3900 жеке тамақтану рационын әскери мүлкінің балансы есебінен шығарылған деп, өзінің қызметтестеріне заңсыз сатып, толығымен жымқырған.

"8 951 022 теңге сомада жетіспеушілік анықталған. Семей гарнизоны әкери сот үкімімен сержант ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлімі 1-тармағында қарастырылған қылмысты жасаған үшін кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде мүлікін тәркілемей, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - делінген соттың хабарламасында.

Сондай-ақ, оның сержант атағынан айырылғаны айтылады. Сонымен қатар сержанттан жәбірленушілердің өтемақы қорына 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, сомасы 50500  теңге төлем өндірілді.  

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: Tengrinews.kz

25 ақпан 2020, 12:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.