Атырау, 26 сәуір 20:09
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Пластикалық ота жасатпақ болған төрт баланың анасы ажал құшты

2 440 просмотра


Полиция Алматыда липосакциядан қайтыс болған көпбалалы анаға қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл фактіні қазіргі уақытта Алматы қаласы ПД тергеу басқармасы тексеруде. «ҚР ҚК 317-бабымен іс қозғалды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Алдын ала болжам бойынша, медициналық қызметкерлер өз қызметіне немқұрайлы қарағандықтан және дер кезінде медициналық көмек көрсетпегеннің салдарынан адамның өлімі болуы мүмкін»,- деп хабарлайды полиция. 

Бұған дейін, бұқаралық ақпарат құралдарында 36 жастағы төрт баланың анасына жасалған пластикалық операция сәтсіз аяқталғаны туралы жазылған болатын.




21 ақпан 2020, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.