Атырау, 9 сәуір 03:01
Таңертең ашық+9, күндіз +10
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 435.54  € 473.08  P 5.76

Бас прокуратура 22 ақпанда көшеге шығатындарға ескерту жасады

20 ақпан 17:38


Қазақстан бас прокурорының орынбасары Болат Дембаевтың қазақстандықтарға үндеуі жарияланды.

"Бас прокуратура түсіндіру жұмыстарын жүргізгеніне қарамастан, жекелеген адамдар, соның ішінде шетелден, сондай-ақ тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" ("ҚДТ") экстремистік ұйымының жақтастары әлеуметтік желілерде ел тұрғындарын заңсыз митингілерге қатысуға шақыруын жалғастыруда", - деп жазылған Дембаевтың үндеуінде.

Бас прокурордың орынбасары Мұхтар Әблязовтың билікті күшпен құлатуға және басып алуға, әлеуметтік араздықты қоздыруға жария шақыруына байланысты "ҚДТ" ұйымы Қазақстанның барлық аумағында экстремистік деп танылып, қызметіне тыйым салынғанын ескертті.

"ҚДТ" экстремистік ұйымы бейбіт ұйым болып табылмайды. Оның қызметіне қатысу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 258 (экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік) және 405-баптарына (экстремизмді жүзеге асыруға байланысты оның қызметіне тыйым салу туралы соттың шешімі бар ұйымның қызметіне қатысу) сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырады.

Сондай-ақ, бас прокуратура бұқаралық іс-шараны өткізуге рұқсат алғанға дейін оны ұйымдастырушының, өзге де тұлғалардың бұқаралық ақпарат құралдарында, Интернетте немесе басқа ақпарат желілерінде оның өткізілетін күні, орны мен уақыты туралы жариялауға құқығы жоқ екенін түсіндірді.

"Сонымен қатар, олардың осы мақсатта парақшалар, плакаттар және өзге де осындай материалдарды дайындауға және таратуға құқығы жоқ. Аталған ережелерді бұзған ұйымдастырушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабының 3-бөлігі бойынша жауапқа тартылады", - деп түсіндірді Дембаев.

Басқаша айтқанда, 2020 жылдың 22 ақпанында заңсыз акцияларды ұйымдастырып, өткізгендер үшін әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданады. Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе, онда кінәлі адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

985 рет қаралдыБасты бет Поделиться:
1 2 3 4 5 6 7 8

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей: