Атырау, 22 желтоқсан 20:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Подполковникті ұстау операциясының видеосы жарияланды

Бейнежазба
2 724 рет қаралды


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полиция полковнигін ұстады. Ол ірі көлемде пара алғанын мойындап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, подполковник Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінде аса маңызды істер бойынша аға тергеуші болып жұмыс істеген.

"Ол қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 2 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Дәл осы іс 2020 жылы 8 ақпанда қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған болатын. Күдікті өз кінәсін мойындады. Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеуді қысқа уақыттың ішінде аяқтау жоспарланып отыр. Соңғы шешімді сот шығарады", - деді аға тергеуші Данияр Бигайдаров арнайы баспасөз мәслихатында.

Бүгін агенттік подполковникті ұстау видеосын да жариялады. Онда тергеушінің сөмкесінен қағазға оралған бір бума ақшаның шыққаны көрсетілген.



20 ақпан 2020, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.