Атырау, 20 сәуір 14:31
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Дүрлігудің қажеті жоқ – Елжан Біртанов медициналық маскалар жайлы

2 409 просмотра


Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық маскаларға қатысты дүрлігудің қажеттігі жоғын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Босқа дүрлігудің қажеті жоқ. Маскалар тек ауру адамдар үшін қажет. Егер карантинде болсаңыз, сізге де керек. Ал қоғамдық орындарда сырқаттанған адамдар үшін ғана қажет. Тұрмыстық маскалар жеткілікті деп есептейміз. Өндірушілер шығарып жатыр», - деді Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. 

Ол сонымен қатар шығарылған маскалар шетелге сатылып кетпеуі үшін ведомство қолға алып жатқан шаралар туралы да айтып берді. «Тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін сақтау бойынша комитеттің шешімімен маскалар шетелге кетпеуі үшін сатуға тыйым салынды. Көптеген елдер қорғау нормаларын енгізіп, маскалардың экспортын шектеп отыр», - деді министр. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елдегі медициналық маскалар мен өзге де қажетті құралдардың көлемі қанша екенін айтқан еді.



20 ақпан 2020, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.