Атырау, 25 сәуір 21:59
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Министр Зайсандағы вирус карантиніне қарсы наразылыққа түсініктеме берді

2 237 просмотра


Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында 19 ақпанда коронавирусқа байланысты туындаған тұрғындар наразылығына байланысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Азаттық радиосы.

- Кеше түнде ШҚО Зайсан ауданы Сарытерек пен Айнабұлақ ауылдарында халық толқуы болды. Жергілікті тұрғындар осы ауылдарға Қытай азаматтарын карантинге әкелетіні туралы толық емес, жалған ақпарат алған. Бұл мүлде мүмкін емес. Жолаушылар тасымалдауы үшін шекара жабылған. Тұрғындар осыны тоқтатуды талап еткен, - деді министр.

Оның айтуынша, қазір ШҚО мен Алматы облысында Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара бекеттерінен өте аз адам өтіп жатыр. Бұлар - негізінен шекара аумағында саудамен айналысатын, жүк көліктерін айдайтын қазақстандықтар. 20 ақпанда карантин туралы жаңа ереже күшіне енгендіктен Зайсанда шекарадан өткен азаматтарға осындай арнайы орындар әзірленеді.

19 ақпанда Зайсан ауданына қарасты Сарытерек және Айнабұлақ ауылында тұрғындар Майқапшағай шекара бекеті арқылы Қытайдан бері қарай өткен бір топ жолаушыны осы елдімекендерге әкеліп, карантинге жатқызуға қарсылық білдірген еді.

20 ақпанда бұл наразылық Зайсанның өзінде жалғасты. Мұнда әкімдік алдына жиналған тұрғындар облыс әкімі Даниал Ахметов шекара бекетін жабуды, жолаушыларды карантинге жатқызбауды талап етті. Ал облыс әкімі Даниал Ахметов халықты сабырға шақырып, тұрғындардың арыз-шағымын тыңдады. Тұрғындардың айтуынша, 20 ақпанда күндізгі сағат 16.00 шамасында облыс әкімі тұрғындармен тағы кездеспек.

19 ақпанда денсаулық сақтау министрлігі коронавирус анықталған елден қайтқан қазақстандықтардың 14 күндік карантиннен өтуі тиіс екенін, ереже бұзғандар жауапқа тартылады деп мәлімдеген.

20 ақпандағы мәліметке қарағанда, қазір Қытайда коронавирус жұқтырғандар 74 мыңнан, қаза болғандар 2000-нан асқан. Қытай билігінің дерегінше 12 мың адам коронавирустен айыққан. Орталық Азия елдерінде коронавирус жұқтырғандар жоқ.



20 ақпан 2020, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.