Атырау, 25 сәуір 04:08
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Павлодар облысының бұрынғы әкімі үйқамаққа ауыстырылды

2 091 просмотра


Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов үйқамаққа ауыстырылды деп хабарлады 19 ақпанда жергілікті ақпарат агенттіктері. Оны үйқамаққа ауыстыру туралы өтінішті ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бас тергеушісі, шұғыл-тергеу тобының жетекшісі түсірген. 18 ақпанда Павлодардың мамандандырылған тергеу соты өтінішті қанағаттандырған.

Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews сайтының жазуынша, бұлтартпас шараның өзгеруіне Бақауовтың денсаулығының нашарлағаны және іс бойынша кейбір жайттардың өзгеруі түрткі болған.

"Егер бұрын атқарған лауазымы мен төңірегіндегі адамдардың ықпалына байланысты Бақауов тергеудің объективті жүруіне кедергі келтіруі мүмкін делінсе, қазір бұл жағдай өзгерді. Қазір әкім қызметінен кетті және лауазымды тұлға ретінде дәлел ретінде қолданылатын негізгі құжаттарға қолы жетпейді" деді Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі.

16 қаңтарда ұлттық қауіпсіздік комитеті Бақауовтың “қызметін асыра пайдаланды” деген күдікке ілінгенін мәлімдеп, оған қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу басталғанын хабарлаған. Ізінше екі айға қамауға алынған.

Болат Бақауов Павлодар облысының әкімі болып 2016 жылы наурызда тағайындалған. 2019 жылы шілдеде оның қызмет уақыты ұзартылған. 2020 жылы 21 қаңтарда Әбілқайыр Ысқақов Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды.

Дереккөз: Азаттық радиосы


19 ақпан 2020, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.