Атырау, 8 мамыр 23:19
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

ІІМ Қордайда ұсталғандар турасында: Іс сотқа жіберілді

2 225 просмотра


ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев полицияға бағынбағаны үшін Қордай оқиғасынан кейін ұсталғандар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Жанжал шығарған адамдар бойынша, яғни полиция қызметкерлеріне бағынбаған үш адам ұсталып, іс сотқа жіберілді. Осы оқиғаларға себеп болған жағдайлардың бірі – ол қарт адамды соққыға жығу. Бұл жағдай бойынша кінәлілер анықталып, құрықталды», - деді М. Қожаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып. Бұдан бөлек ол арандату күдігіне іліккендер бойынша тергеу амалдары жүріп жатқанын атап өтті. Алдағы уақытта оларға қатысты ақпарат жарияланады. Мұнымен қоса М. Қожаев ұсталған адамдардың санына баланысты нақты мәлімет жарияланатынын жеткізді. «Таяу арада мәліметтерді аласыздар. Қордай оқиғасына қатысты тергеу жүріп жатыр. Тергеу шараларын ведомствоаралық жедел топ жүргізуде. Өте үлкен жұмыстар атқарылуда, себебі орын алған жағдай ауқымды екенін атап өткен жөн», - деді Марат Қожаев.


Дереккөз: Inform.kz

19 ақпан 2020, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.