Атырау, 25 сәуір 12:12
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Алматыда Сағынтаев қала тұрғындарына есеп беріп жатыр

Бейнежазба
2 790 просмотра


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына есеп беріп жатыр, -деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кездесу 3200 адамға арналған Halyk Arena-да өтіп жатыр.

Бүгінгі есеп беру кездесуі Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "тыңдайтын мемлекет" қағидатының жалғасы ретінде жүргізіліп отыр.


Айта кетейік, Бақытжан Сағынтаев қала әкімі лауазымына тағайындалған сәттен бастап әр аудан тұрғындарымен екі реттен кездесу өткізді.

Тамыз айында барлық ауданда өткен кездесулердің бірінші циклі кезінде 3,5 мыңнан аса тұрғын қатысты. 880-ге жуық сұрақ қойылды. Соның 123-іне кездесу барысында тікелей түсініктеме берілді. Іс жүзінде әрі ұйымдастыру шараларын қабылдауды талап ететін 756 мәселе бойынша әрбір ауданда іс-шаралар жоспары құрылды. 

22 қарашада Алматы қаласының әкімі Сағынтаевтың барлық сегіз ауданның тұрғындарымен кездесуінің екінші кезеңі басталды. Оған шамамен қала тұрғындарының 3,8 мыңы қатысты. Шамамен 460 алматылықтан 785-тен аса сұрақ қойылды. Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді шешу үшін іс-шаралар жоспары бекітіледі.

Дереккөз: Tengrinews.kz

19 ақпан 2020, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.