Атырау, 9 сәуір 01:20
Таңертең ашық+9, күндіз +10
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 435.54  € 473.08  P 5.76

Көлікпен қасақана адам қаққан ағайындыларға сот үкімі шықты

18 ақпан 16:58


Алматыда ерегескен қарсыластарын көлікпен қасақана қаққан ағайындыларға қатысты сот үкімі шықты. Сот отырысы Алматы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Судья Жандос Әлікеевті – 4 жыл 8 айға, Дінмұхаммед Әлікеевті 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге салайық, 2019 жылдың 26 тамызында таңғы сағат 5-те Алматы қаласы Бостандық ауданы Гагарин көшесінде болған кикілжіңнен кейін бір тараптың өкілдері қарсыластарын автомобильмен қағып, қылмыс орнынан қашіп кеткен. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын. 

Кейіннен полиция адамдарды қаққан көліктерді тауып, тәркіледі. Екі көлік айғақ ретінде ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабының 2-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық іске тіркелді. Содан кейін, күдіктілердің ағайынды екені анықталды. Олардың анасы ұлдарының мұндай қадамға өздерін қорғау үшін барғанын алға тартты. 

Полиция 27 тамызда 1995 жылы туған Жандос Әлікеевті ұстады. Ал екінші күдікті 16 қыркүйек күні ұсталды. Ол Алматы облысының аумағында полициядан жасырынып жүрген.

Дереккөз: Inform.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

779 рет қаралдыБасты бет Поделиться:
1 2 3 4 5 6 7 8

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей: