Атырау, 26 сәуір 17:20
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Алматыда теракт ұйымдастыруға дайындалған екі адам ұсталды - ҰҚК

2 194 просмотра


ҰҚК Алматыда деструктив діни ағымын ұстанатын екі адамды ұстады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі комитеттің сайтына сілтеме жасап.

"2020 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы ҰҚК жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру нәтижесінде Алматы қаласында деструктив діни ағымның 2 ұстанушысын ұстап, сот санкциясымен қамауға алды.

Олардың мекенжайлары бойынша тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, оны жасауға арналған құрамдас бөліктер, суық қару, шабуылдау көзделген объектілердің фото және бейне түсірілімдері бар смартфондар алынды", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Комитет мәліметінше, оларға қатысты терроризм актісіне дайындалу (ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабы) және терроризмді насихаттау (ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеу материалдары бойынша, қамауға алынғандар республика аумағында, соның ішінде адамдар көп шоғырланған орындарда террористік актілер дайындаған.

ҰҚК мәліметінше, тергеу жалғасып жатыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

18 ақпан 2020, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.