Атырау, 7 сәуір 22:14
Түнде ашық-1, таңертең +6
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 439.01  € 474.61  P 5.75

«Қаулы енді шықты, үстеме ақыны ұстаздардың бәрі алады»

14 ақпан 12:10


Атыраулық ұстаздар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыларына есептелуі тиіс 25% үстемені әзір алмаған. Бұл туралы «АЖ» ұстаздардың өзінен сұрап білді.

Біз қалалық білім беру бөлімінің бастығы Фаруза ШАҢГЕРЕЕВАҒА қоңырау шалдық. Ол Үкіметтің 2015 жылғы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысы биылғы 28 қаңтарда қабылданғанын нақтылады.

- Қалада 61 мектеп бар, біз барлық құжаттарды тарифтеуге сәйкес тексеріп, содан кейін ақпаратты қазынашылыққа береміз. Үстеме ақы төлене бастады, тиесілі соманы ұстаздардың барлығы алады.

Шаңгерееваның айтуынша, бұл мақсатқа қаражат республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінеді екен.

Естеріңізге салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қол қойды. Осы Заңның шеңберінде мектеп мұғалімдері үшін жалақыны 25%-ға көтеру, сонымен қатар, магистр, сынып жетекшісі дәрежесі және дәптерлерді тексергені үшін үстеме ақы қарастырылған.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

3196 рет қаралдыБасты бет Поделиться:
1 2 3 4 5 6

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей: