Атырау, 24 желтоқсан 05:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Бақауов ісі бойынша жаңа фактілер анықталуда

3 911 рет қаралды


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов ісіне қатысты жаңа фактілер анықталып жатқанын айтты.

«Бақауов ісімен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ұлттық қауіпсіздік қызметі айналысып жатыр. Іс тергеу сатысында. Қазір ол бойынша қосымша фактілер анықталып, күдіктілер тобы айқындалуда. Толық комментарий келесі аптада болады», - деді ол.

Еске салайық, 15 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовты ұстап, ол туралы «Бақауов лауазымын асыра пайдаланған» деген ресми мәлімдеме  жасады. Ал, 17 қаңтарда Павлодар қалалық мамандандырылған тергеу соты Бақауовтың екі айға уақытша қамауға алынғанын хабарлады.

Дереккөз: Azattyq-ruhy.kz

13 ақпан 2020, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.