Атырау, 26 ақпан 23:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.26
€ 590.38
₽ 6.54

Карантиндегі лайнер ішінде Қазақстанның 4 азаматы бар

2 167 рет қаралды


Жапония жағалауында тұрған Diamond Princess круиздік лайнерінде Қазақстанның 4 азаматы бар екені анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Айта кетсек, лайнер ішінде 50 мемлекеттің 3700 азаматы оқшауланып, қамалып отыр.

Коронавирус жұқтырудың 174 жағдайы расталған. Лайнердегі 4 Қазақстан азаматының денсаулығы қанағаттандырарлық жағдайда, зертханалық тексерулер жасалуда.

Карантин 19 ақпанда аяқталады деп күтілуде.

Дереккөз: Zakon.kz

13 ақпан 2020, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.