Атырау, 18 ақпан 21:40
Түнде ашық-1, таңертең +1
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 376.77  € 408.46  P 5.95

Коронавирус: 131 адам ауруханадан шығарылды

13 ақпан 15:31


Уханьнан эвакуацияланған Қазақстанның 83 азаматының 12-сі ЖРВИ-ге байланысты ем қабылдап жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Медициналық ұйымдар Қытайдан 6 қаңтардан кейін тұрғылықты жеріне келген азаматтардың денсаулығын бақылауды жалғастыруда. Барлығы 24 154 адамға бақылау жасалды. 15 878-і мониторингтен шығарылды. Соңғы 14 күнде 8 276 адам қаралып, 1 609 адам медициналық тіркеуге алынды. Жалпы, 13 ақпанда 151 адам дене қызуы көтеріліп, ЖРВИ белгілерімен ауруханаға түсті. 131 адам ауруханадан шығарылды. 20 адам ауруханада. Науқастардың жағдайы жақсы»,- деді министрліктің ресми өкілі. 

Оның атап өтуінше, эвакуацияланған Қазақстан Республикасының 83 азаматының 12-сі ЖРВИ-ге байланысты ем қабылдап жатыр. Сондай-ақ Уханьнан эвакуацияланған Беларусьтың 5, Арменияның 1 азаматының жағдайы жақсы. «Уханьнан эвакуацияланған Қазақстан Республикасының Ресейдің Түмен қаласындағы - 3, Өзбекстанның Ташкент қаласындағы 5 азаматының денсаулықтары жақсы. Олардың шағымдары жоқ», - деді Диас Ахметшәріп.


Дереккөз:  Inform.kz 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

224 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3