Атырау, 24 желтоқсан 05:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Пара туралы хабарлаған қазақстандықтар 99 миллион теңге алды

3 135 рет қаралды


708 қазақстандық сыбайлас жемқорлық туралы хабар бергені үшін 99 миллион теңге алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы үш жылда 708 адамға 99 миллион теңгеге берілді. Көшбасшы өңірлер - оңтүстік, атап айтқанда Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстары. Қылмыстың ауырлығына байланысты азаматтарға 40-50 АЕК (2020 жылы 106-132 мың теңге) көлемінде ынталандырылады, бұл жиі кездесетін тәжірибе", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әкімшілік-құқықтық департаментінің бас сарапшысы Ерік Бишібеков.

Оның айтуынша, сыйақы сомасы қылмыстың ауырлығына байланысты есептеледі екен. 

"Ескі жүйе бойынша бізде тіркелген сома белгіленген. Орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша сыйақы мөлшері - 40 АЕК. Аса ауыр қылмыстар бойынша 100 АЕК-ке дейін жетуі мүмкін", - деді Серік Бишібеков.

Осыған дейін жаңа жүйе бойынша сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған қазақстандықтар пара сомасының 10 пайызы көлемінде сыйақы алатыны айтылды.

Дереккөз: Tengrinews.kz

13 ақпан 2020, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.