Атырау, 20 сәуір 19:32
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Алматыда үш баланың денесі табылды

2 517 просмотра


Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсеғалиев Алатау ауданында жоғалып кеткен, үшеуі де қаза болды.

Алматыда жоғалып үш оқушы өлі табылды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев балалардың ата-аналарына көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

lider.kz еріктілер қозғалысының Instagram-аккаунтында хабарланғандай, 12 ақпанда түскі бірлер шамасында №184 мектептің оқушылары сабаққа кетіп, сол күйі оралмаған.

Қала басшысы құтқарушылар Алатау ауданында жоғалып кеткен оқушыларды іздестіру жұмысын аяқтағанын мәлімдеді. Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсеғалиев көз жұмған.

"Жазым болған оқушылардың отбасылары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Біздің балалар мұзы жұқа су айдынында көз жұмды. Полиция департаменті мен төтенше жағдай қызметтеріне себептерді тергеу жөнінде арнайы топ құруды тапсырдым", - деп жазды Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол қаза болған оқушылардың отбасыларына көмек көрсетілетінін атап өтті.

Тергеу барысы әкімнің жеке бақылауына алынды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

13 ақпан 2020, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.