Атырау, 24 сәуір 19:53
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Жамбыл облысының прокуроры жаңадан тағайындалды

2 641 просмотра


Жамбыл облысының прокуроры тағайындалды, деп хабарлады zakon.kz. Мемлекет басшысының келісімімен ҚР Бас прокурордың 12 ақпандағы бұйрығымен Жамбыл облысының прокуроры болып Нұрғалым Әбдіров тағайындалды.

Нұрғалым Әбдіров 1967 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1991 жылы бастаған. Басшылық қызметтерде мол тәжірибесі бар. Бас прокуратураның үш департаментін басқарған.

Сонымен қатар Астана, Алматы, Оңтүстік-Шығыс өңірлік көлік прокурорларының бірінші орынбасары қызмет атқарған, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облысы прокуратураларын басқарған.

Прокуратура саласындағы еңбек өтілі 28 жылдан асады.

Бұған дейін Жамбыл облысының прокуроры болған Ж.Құсайынов ҚР Бас прокурора активіне есепке алынды.

Дереккөз: Zakon.kz

12 ақпан 2020, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.