Атырау, 25 сәуір 16:54
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қытайдан оралуға ниеті жоқ қазақстандықтар кімдер

4 395 просмотра


Қытайдан елге оралуға ниет білдірген 155 қазақстандықты жеткізу үшін «Эйр Астана» ұшағы бүгін кешке ұшып шығып, бірден Алматыға оралады. Бұл туралы бүгін Мәжіліс отырысынан соң Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді. Сыртқы істер министрінің айтуынша, алғашқы ұшақ оныншы ақпанда Қытайға ұшып барып, 217 қазақстандықты елге жеткізген.

«Оныншы ақпанда бірінші ұшақ кетіп, кеше таңертең қайтып келіп, 217 азаматымызды алып келді. Екінші ұшақ он екінші ақпанда ұшып барады, сөйтіп, 155 азаматымызды алып келеді деген жоспар бар. Қытайда қалып отырған 343 азаматымыз бар. Олар - біздің дипломатиялық мекемелерде істейтін қызметкерлеріміз бен олардың отбасы мүшелері. Сонымен қатар, студенттеріміз бар, басқа жұмыстарымен жүрген азаматтар бар. Елшілік өкілдері олармен байланыста, бірақ олар қайтуға ниет білдірмей отыр», - деді Сыртқы істер министрі.

Ал, бүгін ұшатын ұшақ қазақстандықтарды алып Алматы әуежайына қонады. Оныншы ақпанда кеткен әуе лайнері Нұр-Сұлтанға қонған болатын.

«Нұр-Сұлтанда карантинге әзірленген госпитальдар толып қалған. Сол себепті келесі ұшақ Алматыға қонады», - деді ол.

Тілеуберді Қытайдағы қазақстандықтарды тасымалдауға ұшатын ұшақ чартерлік екенін айтты. Қазақстан азаматтары тегін жеткізіледі. Жалпы, бүгін ұшатын  ұшақ 220 орынға шақталған, ал, елге оралатындар саны 155 адам. Сондықтан, Қытайда қалмаймын деп, лезде шешім қабылдаған азаматтарға орын қалады.

«Қазақстанның азаматтары  түгел тегін тасымалданып жатыр», - деп түйіндеді сұрақтың жауабын министр.

Дереккөз: Azattyq-ruhy.kz

12 ақпан 2020, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.