Атырау, 23 сәуір 23:37
 ашықВ Атырау +22
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Оралда табыс табамын деген бойжеткен 3,6 млн теңгесінен айырылып қалды

4 175 просмотра


Оралда табыс табамын деген 20 жастағы бойжеткен 3,6 млн теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған тұрғын 4-23 қаңтар аралығында «GOLD» инвестициялық компаниясына осыншама қаржыны аударып жіберген. Табыс тауып, қаржы қорын толықтырмақ түгілі, өз ақшасын қайтара алмаған ол 10 ақпан күні полицияға жүгінді. Күні бүгін аталған компаниядан алданған 70 тұрғын арыз жазды. Соңғы кезде өңірде түрлі тәсілдермен жүзеге асырылған алаяқтық деректері көбейіп кетті. 

Айталық, 1979 жылғы әйел өткен жылғы қыркүйекте пластикалық терезе орнатып беремін деген оралдық 43 жастағы тұрғынға 320 мың теңгесін ұстатып жіберген. Бәйтерек ауданының тұрғыны өзін банк қызметкері деп таныстырған алаяққа ақша аударған. Ғаламтор арқылы жұмыстанатын алаяқтар да азаймай тұр. 

2 ақпан күні 1985 жылғы оралдық әйел өзін жұмысқа орналастыруға көмектесемін деген алаяққа 138 мың теңгесін аударған. Жұмысқа орналастыру туралы хабарландыру Instagram әлеуметтік желісінде жарияланып, әйел соған сеніп қалған. Барлық алаяқтық деректері бойынша ҚР ҚК 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Дереккөз:  Inform.kz

12 ақпан 2020, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.