Атырау, 29 наурыз 18:21
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ералы Тоғжанов премьер-министрдің орынбасары болды

2 590 просмотра


Ералы Тоғжанов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болды, - деп хабарлайды Ақорда сайты.

"Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын.", - делінген Жарлықта.

Ералы Тоғжанов1963 жылы 13 мамырда Орал облысының Ақжайық ауданындағы Шағатай ауылында туған.

Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1988), құқықтанушы. Заң ғылымдарының кандидаты (1995). 

1980 жылдан - Орал облысы Ақжайық ауданы Октябрь орман шаруашылығының жұмысшысы. 1981 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1983 жылдан - Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті, 1988 жылдан - мемлекет пен құқықтың теориясы және тарихы кафедрасының оқытушысы. 1991 жылдан - ҚР ҒА Мемлекет және құқық институтының аспиранты, ғылыми қызметкері. 1996 жылдан - Қазақ мемлекеттік заң университеті мемлекеттік қызмет жене халықаралық құқық факультетінің деканы. 1999 жылдан - "Қазақ мемлекеттік заң академиясы" РКҚК Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры (Астана). 2001 жылдан - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. 2006 жылдан - ҚР Әділет министрлігінің дін жөніндегі комитетінің терағасы. 2008 жылдан - Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі. 2013-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан Халқы ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі. 2017-2019 жылдары - Маңғыстау облысының әкімі. 2019 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы.

12 ақпан 2020, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.