Атырау, 24 желтоқсан 05:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Бахрейн полициясы қазақстандық 21 қызды сексуалды құлдықтан босатты - СІМ

3 293 рет қаралды


Қазақстанның Сауд Арабиясындағы елшілігінің жәрдемімен Бахрейн полициясы қазақстандық 21 қызды сексуалды құлдықтан босатты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Жақсы жалақы алу уәдесіне сенген жас қыздар Бахрейнге қонақ үйде қызмет көрсету саласында жұмыс жасауға келген. Алайда, келген бойда күтіп алушылар құжаттарын тартып алып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бағынбаған жағдайда күш көрсеткен. Қазіргі уақытта барлық күдіктілер, соның ішінде қазақстандық азаматшалар ұсталып, тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер арнайы оңалту орталығына орналастырылып, жуық арада Қазақстанға қайтарылады», - делінген ведомство хабарламасында.

Дереккөз: Azattyq-ruhy.kz

11 ақпан 2020, 17:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.