Атырау, 26 сәуір 05:57
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Сіздерге сенім артуға болады". Жамбыл облысының экс-полицейі тұрғындарға үндеу жасады

2 852 просмотра


Жамбыл облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Арман Оразалиев облыс тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Арман Оразалиев Жамбыл облысының белсенді азаматтарына, полиция қызметкерлері мен жақындарына алғыс білдірді.

"Сіздерге сенім артуға болады. Сіздер кез келген жағдайда көмектестіңіздер. Жамбылдықтардың осы қасиетін жоғары бағалаймын. Еліміздің бірнеше облысында жұмыс істедім және олардың әрқайсына көмек көрсетуге тырыстым", - деді экс-басшы.

Еске салайық, осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығын қызметінен босатуды тапсырған еді. Оның орнына жаңа қызметке Жанат Сүлейменов келді.

Арман Оразалиев 2018 жылы шілдеде Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің басшысы болып тағайындалған еді. Ол ІІМ Алматы жоғары мектебін тәмамдаған. Бұрын ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары болып қызмет атқарған.

Дереккөз: Tengrinews.kz

11 ақпан 2020, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.