Атырау, 2 мамыр 03:09
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Қырғызстанда шекараға жақын аумаққа шамамен 200 адам жиналды

4 191 просмотра

Қырғызстан шекарасынан өткен Жамбыл облысының тұрғындары. 8 ақпан 2020 жыл.


8 ақпанда кешке Қырғызстанда Қазақстанмен шекараға жақын аумаққа шамамен 200 адам жиналды. Олардың басым бөлігі этникалық дүнгендер болды.

Олар Жамбыл облысы Қордай ауданында 7 ақпан күнгі оқиғадан кейін Қырғызстанға өтпек болған туыстарын күтіп тұрғандықтарын айтты. 7 ақпанда Қордай ауданындағы бірнеше елді мекенде болған жанжалдан ресми дерек бойынша сегіз адам қаза болған, ондаған адам жарақаттанған.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, туыстарын күткен азаматтар шекараны кесіп өткен адамдарға қажетті көмек көрсетіп, ыстық тамақ та әзірлеген.

Бұған дейін Қырғызстанның шекара қызметі Қордайдағы оқиғадан кейін Қазақстан шекарасын кесіп өтетіндер саны күрт ұлғайғанын хабарлаған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

8 ақпан 2020, 21:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.