Атырау, 26 сәуір 16:42
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Маңғыстау облысында департамент басшысы пара алған

3 569 просмотра


Маңғыстау облысында еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне сілтеме жасап.

Облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Маңғыстау облыстық Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Департаменті басшысының орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Ол азаматтардан мүгедектікті беруді заңсыз жеделдеткені үшін жүйелі түрде пара алып отырған деген күдікке ілінді. Күдіктінің кінәсін мойындап, қорғаушының қатысуымен келу туралы жазбаша міндеттемені алғаны үшін процессуалдық ұстау қолданылмады", - делінген агенттіктің хабарламасында.


Дереккөз: Tengrinews.kz

7 ақпан 2020, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.