Атырау, 20 сәуір 01:59
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

ЕҰУ-дағы жанжал: түлекті 2,5 миллион теңге төлеуге міндеттеді

2 055 просмотра


Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (ЕҰУ) бұрынғы студенті Регина Тұрдиева отбасылық жағдайына байланысты грантты өтей алмай, өзінің оқу орнына екі жарым миллион теңгеден астам қарыз болып қалды.

Регина Тұрдиева грантпен оқығаннан кейін өз мамандығы бойынша үш жыл жұмыс істеуі тиіс болған. Алайда қыз тұрмысқа шығып, бала туған.

Тұрдиеваның айтуынша, ол жұмысқа шыға алмайтынын білгенде, топтың кураторына хабарласып, жағдайды түсіндірген. Ал ол баланың туу туралы куәлігін әкелсең, жұмыс істеудің қажеті жоқ деген көрінеді.

Дегенмен екі айдан кейін оны сотқа шақырады, өйткені ол университет комиссиясына алдын ала анықтама ұсынбаған. Енді ол ірі көлемде қарызды, сонымен қатар өсімақыны төлеуі керек.

Соттың мәліметінше, іс материалында Тұрдиева жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеуге тұруы тиіс екендігі көрсетілген, ол жайлы қол қойылған құжат та бар. Алайда ол оны істемеген.

Ал Регинаның өзі ондай құжатқа қол қоймадым деп отыр. Ол қолжазу сараптамасын өткізуді талап етті, бірақ оның талабынан бас тартылды.

Оған бірнеше миллион теңге қарызды төлеуге он күн ғана уақыт берілді. Телеарнаның хабарлауынша, жас ананың ақшасы жоқ. Ол университетпен одан әрі соттасып, кінәсіз екенін дәлелдемекші.

Дереккөз: Sputniknews.kz

7 ақпан 2020, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.