Атырау, 2 мамыр 03:03
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Қазақ сайттары бір-біріне ұқсап кетті - Айдос Сарым​​

2 680 просмотра


Бұрын БАҚ-ты төртінші билік десе, қазір «БАҚ - бесінші, алтыншы билік» деген ұғым пайда болды. Бұл туралы елордада өткен қазақтілді онлайн контент жасаушылардың ІV форумында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Бұрын БАҚ-ты төртінші билік десе, қазір «БАҚ - бесінші, алтыншы билік» деген ұғым пайда болды. Бесінші билік - әлеуметтік желі болса, алтыншы билік - мессенджер. Біз осының бәріне бейімделе алмай жатқан сияқтымыз», - дейді Айдос Сарым. Ол қазақ баспасөзі өзін-өзі шектеп келе жатқанын айтты. «Менің ойымша, қазақ баспасөзі өзін-өзі шектейді, екіншіден билікке тәуелді, үшіншіден қоғамдық пікірге тәуелді. 

Біз тек лайк жинайтын, өзектілігі жоқ мәселелер туралы жазамыз. Дәстүрлі баспасөз (газет - авт.) интернетпен жарыса алмайтындықтан, терең сараптамалық мақалалар жазуы керек», - дейді ол. Сондай-ақ, ол қазақтілді сайттар бір-біріне ұқсап кеткенін айтты. «Қазір қазақ баспасөзінің иісі де қалмаған сияқты. Қазақ газеттері де, сайттары да бір-біріне ұқсап кетті. Біздің баспасөзде саяси рең пайда болып, оңшыл газеттер, солшыл газеттер, орта таптың мәселесін көтеретін газет, сайттар пайда болса деймін. Қазақ көбінесе солшыл қоғам, бізге қазір оңға бұрылыс керек. Қоғам арасында жаңа идея, жаңа пікірталастарға жол ашу - өз қолымыздағы нәрсе», - дейді саясаттанушы.


Дереккөз: Inform.kz

7 ақпан 2020, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.