Атырау, 2 мамыр 02:40
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Атырауда «автомитинг» ұйымдастырушылардың бірі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Бейнежазба
3 842 просмотра


Атырау әкімшілік сотының қаулысымен жергілікті тұрғын шетелдік нөмірлері бар автокөліктерге қатысты заңсыз митингіге шығуға шақырғаны үшін жазаланды.

25 қаңтар күні кеште 27 жастағы жігіт «Еркош» деген атпен Telegram-каналда митингіге шығуға шақырады. Ол Whats app мессенджерінен аудио-үндеу жазып, оны  «Атырау Авто АМ, РФ, KZ» секілді топтарда таратқан.  Кейін оны құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстап, телефонын сараптамаға жіберу үшін алып қойды.

Сот отырысы барысында ол өз кінәсін мойындап, болған іске өкінішін білдірді. Сот «Еркошты» ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 488-бабы, 1-бөлімі («Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамаларды бұзу») бойынша кінәлі деп тауып, оған ескерту түрінде әкімшілік жаза тағайындады.

Еске сала кетейік, Атырауда жыл басында шетелдік нөмірлері бар автокөлік иелері шетелден әкелінген көліктерін тіркеу ақысын, кедендік рәсімдеуді және утилизациялық алымды төмендетуді талап етіп, үш рет митингіге шыққан болатын: 19 қаңтарда «Аламан» базары маңында, 26 қаңтарда Салтанат сарайы маңында және 31 қаңтарда облыстық әкімдік алдындағы алаңда жүздеген көлік иелері жиналды.  

Фархат ӘБІЛОВ

Бейнежазбаны түсірген автор 

6 ақпан 2020, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.