Атырау, 20 сәуір 09:19
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Елімізде жүргізушілерге тағы бір жаңа айыппұл салу қарастырылып жатыр

2 895 просмотра


Жаңа норма әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске енгізілуі ықтимал, төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы мәселе талқыланып жатқанын айтты.

Қазақстанда тас жолдардың жабылғанына қарамастан жолға шығатын жүргізушілерге айыппұл салынуы мүмкін. Ішкі істер министрлігі жаңа норма енгізу мәселесін талқылап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мұндай мәселе талқыланып жатыр. Естеріңізде болса, Владимир Божко төтенше жағдай министрі болған кезде, ауа райының қолайсыздығына байланысты трасса жабылғанына қарамастан жолға шыққан жүргізушілерді жауапқа тартуды ұсынған болатын. Қазір бұл мәселе де талқыланып жатыр", - деді ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер үкіметте БАҚ өкілдеріне.

Беккердің сөзінше, жаңа норманы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске енгізу ұсынылып отыр.

Қазақстан автожолдарында ауа райының нашарлауына байланысты қозғалыс тоқтатылады. Жолда қалған жүргізушілер 1403 нөміріне хабарласып, көмек сұрай алады.

Бұған дейін Беккер солтүстік облыстарда жағдай әлі де күрделі екенін, кей өңірлерде төтенше жағдай жариялануы мүмкін екенін айтты.

Дереккөз: Sputniknews.kz

4 ақпан 2020, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.