Атырау, 29 наурыз 06:48
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

ҰҚК Түркістан облысында пара алған судьяны ұстады

Бейнежазба
4 227 просмотра


Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Жоғарғы Сотының Ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы Әшірбек Шәріпұлы Рахымбаевтың сыбайлас жемқорлық әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Атап айтқанда, Ә. Рахымбаев сотталушының жазасын жеңілдетуде заңсыз жәрдем көрсеткені үшін елеулі мөлшерде пара алған. 2020 жылғы 31 қаңтарда Түркістан қаласында А. Рахымбаев пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталып, жасаған қылмысын толықтай мойындады. Пара алу фактісі сондай-ақ жасырын тергеу іс-қимыл материалдары арқылы дәлелденеді (аудио, бейнетіркеу)", - делінген ҰҚК хабарламасында. 

ҰҚК органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі ("Пара алу") бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырады. 


Дереккөз: Тengrinews.kz

4 ақпан 2020, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.