Атырау, 22 желтоқсан 20:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

ҰҚК аса ауыр қылмысқа дайындалып жатқан 5 адамды ұстады

2 908 рет қаралды


Ұлттық қауіпсіздік комитеті деструктивті діни ағымның өкілдерін ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, 27 қаңтар күні Қарағанды мен Таразда террорлық әрекет жасауға дайындалды деген күдікпен деструктивті діни ағымның 5 мүшесі ұсталып, сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Бесеуі де бұрын ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған.

"Ұсталғандарға қатысты террористік топ құру, оған басшылық жасау және оның әрекетіне қатысу (Қазақстан Қылмыстық кодексінің 257-бабы), сондай-ақ терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген комитеттің хабарламасында.

Тергеу мәліметінше, аталған топ республика аумағында, оның ішінде адамдар көп шоғырланатын жерлерде террористік актілер жасау мақсатында құрылған. Тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Дереккөз: Sputniknews.kz

3 ақпан 2020, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.