Атырау, 25 желтоқсан 06:59
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанға келді

2 506 рет қаралды

Фото: Казинформ

1 ақпанда түнде АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанға ұшып келді деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі. Жексенбі күні Помпео Нұр-Сұлтанда президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеспек.

Сонымен бірге ол елді 27 жылдай үздіксіз басқарып, былтыр наурызда қызметінен кеткен, бірақ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы сияқты түрлі атақ пен лауазымын сақтап қалған, үкіметке әлі де ықпалы күшті бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевпен де кездеседі деген жоспар бар.

АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдемесінде Помпеоның сапары "Орталық Азиядағы бейбітшілік, гүлдену және қауіпсіздікке деген ортақ ұстанымды бекіту" мақсатын көздейді делінген.

Кей сарапшылардың айтуынша, Орталық Азияда АҚШ ықпалы Қытай мен Ресей сияқты аса күшті емес. Бірақ соған қарамастан АҚШ Орталық Азия елдерімен аймақ қауіпсіздігі, терроризм мен экстремизм, есірткіге қарсы күрес және өзге салаларда әріптестік орнатып келеді.

Дереккөз: azattyq.org 

2 ақпан 2020, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.