Атырау, 24 желтоқсан 13:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Қазақстандықтарға 20-дан аса елге барудан бас тарту ұсынылды

3 458 рет қаралды

Коронавирус таралуының онлайн-картасы

Қытайда 10 мың қазақстандық бар - Біртанов Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтарға коронавирус жұғу дерегі тіркелген елдерге барудан бас тартуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біздің азаматтарымызға ҚХР-ға, сондай-ақ коронавирустық инфекция тіркелген 23 елге баруды ұсынбаймын. Жалпы, осы кезеңде халықаралық саяхаттарды шектеуді ұсынамыз", - деді Біртанов ОКҚ брифингінде.

АҚШ-та Джонс Хопкинс атындағы университет жүргізетін коронавирус таралуының онлайн-картасының мәліметтері бойынша, ауру құрлықтық Қытайда, Таиландта, Гонконг, Жапония, Сингапур, Аустралия, Тайвань, Малайзия, Макао, Оңтүстік Корея, АҚШ, Франция, Германия, БАӘ, Канада, Италия, Вьетнам, Камбоджа, Финляндия, Үндістан, Непал, Филиппин және Шри Ланкада тіркелген. Ресей мен Ұлыбританияда да коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген.

Дереккөз: Tengrinews.kz

31 қаңтар 2020, 22:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.