Атырау, 24 желтоқсан 13:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Нұр-Сұлтандағы LRT ісі: 10 күдіктінің үшеуі іздеуде жүр

2 846 рет қаралды


Нұр-Сұлтандағы LRT ісі бойынша тергеу шаралары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қылмыстық тергеу аяқталды. Енді қылмыстық іс материалдарымен танысамыз. Қылмыскерлерді іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Келтірілген шығын - 5,7 миллиард теңге", - деді Жемқорлыққа қарсы агенттіктің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов. Оның айтуынша, осы іс бойынша 10 күдікті бар. Олардың үшеуі әлі іздестіріліп жатыр. 

"Іс материалдарымен танысып жатыр, осыдан кейін іс сотқа жолданып, сот отырысы ашық тәртіпте өтеді", - деді Перов. 

Еске салайық, былтыр қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне LRT ісі бойынша тергеуді аяқтауды тапсырған болатын.

Дереккөз: Tengrinews.kz

31 қаңтар 2020, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.