Атырау, 24 желтоқсан 13:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​"Әзілдедім, қорықсын дедім". Жалған ақпарат таратқан дәрігер әрекетін түсіндірді

2 667 рет қаралды


"Алматыда 70 адам коронавирус жұқтырды" деген жалған ақпарат таратқан дәрігер өз әрекетін түсіндіру мақсатында видео жариялады. Думан Айтжанов видеосында қазақстандықтардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл видео әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатыр. "Мен, акушер-гинеколог Думан Кемпилович Айтжанов, бүгінгі видеоүндеуімді What's app-тағы "Братва" тобына коронавирус туралы жіберген видеома байланысты жаздым. Достарыма әзілдедім, қорықсын дедім, коронавирус туралы ескерттім. Видео үшін қатты өкінемін. Мені көріп отырғандарға мен сияқты қателік жасамаңдар деп айтқым келеді", - деді дәрігер видеоүндеуінде. Полицейлер ер адамның тергеу кезінде уақытша қолхатпен босатылғанын айтты. 

Еске салайық, мұның алдында дәрігердің ұсталғаны хабарланған болатын. Әлеуметтік желілерде ақ халат киген ер адамның Алматыда коронавирус жұқтырды деген 70 адам туралы айтқаны түсірілген видео тараған еді. Кейін бұл мәліметтің Денсаулық сақтау министрлігің өкілдері жалған екенін айтты.

Дереккөз: Tengrinews.kz

31 қаңтар 2020, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.