Атырау, 24 желтоқсан 13:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Алматыда Бостандық ауданы сотының төрағасы қамауға алынды

Бейнежазба
2 404 рет қаралды


30 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Бостандық ауданы сотының төрағасын қамауға алуды санкциялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сот аталған судьяның сотқа дейінгі тергеуді объективті жүргізуге кедергі келтіруі мүмкін екені туралы Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің дәлелін қолдады. Бұдан бұрын хабарланғандай, Сот өкілі борышкердің Қазақстан Республикасы аумағынан шығуына рұқсат беру үшін азаматтан ірі көлемде пара алды деген күдікке іліккен. Бұл қылмыс Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Ішкі қауіпсіздік және жемқорлықты ескерту бөлімімен бірлесіп жұмыс істеу барысында әшкереленді.


Дереккөз: Inform.kz

31 қаңтар 2020, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.