Атырау, 24 желтоқсан 12:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Тоқаев Қазақстанның Ресейдегі жаңа елшісін қабылдады

1 863 рет қаралды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады, - деп хабарлайды Ақорда сайты. 

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Ресей Федерациясымен арадағы стратегиялық және одақтастық қарым-қатынастарды, оның ішінде интеграциялық үдерістер аясындағы байланыстарды одан әрі жан-жақты дамытудың маңызын айтты. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Көшербаевқа бірқатар нақты тапсырма берді. 

Айта кетейік, 29 қаңтарда Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды. Мемлекет басшысының Өкімімен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.


30 қаңтар 2020, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.