Атырау, 24 желтоқсан 12:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

"Зәреміз ұшты": Қазақстан Қытайдан туристердің алғашқы легін әкелді

Сурет
2 920 рет қаралды


Қытайдың Хайнань аралындағы қазақстандық туристер мінген алғашқы рейс Алматыға келді. Sputnik Қазақстан тілшілері оларды әуежайда қарсы алды. Жолаушылардың барлығы дерлік бетперде киген.

Әуежайға кіреберісте екі жедел жәрдем көлігі тұрды. Алайда туристер бортта инфекция жұқтырған адам болмағанын мәлімдеді. Келгеннен кейін оларды тепловизор арқылы тексерген.

"Ұшақта тіпті ешкім түшкірмеді. Бізді баспасөздің хабарламасы шошытты. Зәреміз ұшты, ештеңе жеген жоқпыз (экзотикалық). Бетперде мен көзілдірік киіп жүрдік. Ол жақта 20 қаңтардан бері болдық", - дейді Хайкоудан (Хайнань аралындағы қалалық округ) келген қазақстандық Арнай.

Ол сонымен қатар Sputnik Қазақстан тілшілеріне Хайкоудан ұшып шыққан кезде түсірген видеосын көрсетті. Видеороликтен қаланың қаңырап қалғанын көруге болады. Көшеде адам мен көлік мүлдем жоқ.

Прибывшие с Хайнаня казахстанцы

Хайнаньнан келген қазақстандықтар

Карантин жариялануына байланысты барлық адам үйде отыр, деп атап өтті өз аты-жөнін айтқысы келмеген тағы бір жолаушы. Соған қарамастан, оған демалыс ұнапты.

Прибытие первого рейса с Хайнаня с казахстанскими туристами

Басқа жолаушы Әлияның айтуынша, ол Хайнаньда балалармен – қызымен, жиенімен бірге демалған. Жолдамаларды коронавирус туралы жаңалық шыққанға дейін сатып алыпты. Індет таралып жатқанын Қытайға барған кезде бір-ақ білген.

"Балалар үшін мүлдем алаңдаған жоқпын. Онда бәрі тыныш болды. Демалыстың шырқын ештеңе бұзбады. Тек, соңғы екі күн, 26 қаңтардан бастап экскурсиялар мен ойын-сауық іс-шараларын тоқтатты", - дейді ол.

Рейс 12 сағатқа кешіктірілді

Қазақстандық туристер мінген SCAT ұшағы 29 қаңтарда Хайкоудан ұшып келді. Ұшақ 28 қаңтарда сағат 14:25-те ұшуы тиіс болған, бірақ рейс кейінге қалдырылды. Келу уақыты үш рет ауыстырылды.

Время прибытия самолета переносили три раза

Рейс жолаушылары туристерді жинағандықтан ұшақ кешіктірілгенін айтады. Арал тыныш.

Табло в аэропорту Алматы

"Онда ешқандай дүрбелең жоқ. Бәрі бақылауда. Біз жақсы демалдық. 27 қаңтардан бастап ол жаққа ұшақ ұшпай жатыр, туристерді аралдан шығаруда. Бірақ біз ертерек қайта алмадық", - дейді олардың көпшілігі.

Что творилось в аэропорту Алматы

Дереккөз: Sputniknews.kz

29 қаңтар 2020, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.