Атырау, 22 қаңтар 03:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -7
$ 506.70
€ 593.14
₽ 6.53

​Министрлік шұғыл түрде 3 миллионнан аса маска сатып алып жатыр

3 433 рет қаралды


Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі дереу 3 миллионнан аса түрлі медициналық маска сатып алып жатыр. Бұл туралы бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бекшиннің сөзінше, ел ауруханаларында қажетті дәрі-дәрмек пен қорғаныс құралдары жеткілікті.  

"Ауруханаларға әртүрлі медициналық маскаларды дереу сатып алып жатырмыз - 2,5 миллион қарапайым медициналық маска, 1,3 миллион респираторлық маска, бір реттік және кәсіби костюмдер, сондай-ақ диагностикалық аппаратураның шығын материалдары. Ауыр науқастарды тасымалдау үшін 30 капсула мен қашықтықтағы термометрия үшін қосымша 33 жылуға ден қойғыш құрал сатып алынады", - деді Бекшин.  

Оның айтуынша, министрлік дәке таңғыштарды жаппай өндіру үшін отандық өндірушілерге өтініш жасаған. 

"Екіншіден, ЖРВИ симптомдарын анықтау үшін түрлі диагностика амалдары бар. Оның үстіне, ДДСҰ-мен келістік, алып тастау әдісі бойынша істеп жатырмыз. Егер тұмау мен ЖРВИ анықталмаса, әрі қарай диагностикадан өткізу үшін анализдерді ДДСҰ орталықтарына жібереміз, сондай-ақ сынамаларды диагностикадан өткізу үшін Ресейге жіберу туралы келісім бар", - деді елдің бас санитар дәрігері. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

28 қаңтар 2020, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.