Атырау, 26 сәуір 11:31
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Еңбек министрлігі басшылықты әуежайға тасымалдау үшін 54 млн теңгеге көлік жалдаған

3 845 просмотра


Салық төлемдерін алмаса, лоттың жалпы құны 61 млн теңгеден асады.

Алты көлік, бір жыл, 54 млн теңге

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік сатып алулар сайтында «жеңіл автокөлікпен тасымалдау» қызметін алу үшін тиісті лотты 2019 жылдың 31 қаңтарында жариялаған. Арада он күн өте «бір көзден сатып алу» тетігі арқылы «Президент Іс басқармасының Автошаруашылығы" кәсіпорынмен  «өкілдік сыныбының автомобилін ұсыну бойынша көлік қызметтері» туралы келісімшарт жасалған.


Осылайша, Еңбек министрлігі  шығарылған уақыты 2010 жылдан төмен емес, 4 есікті, 5 орынды «өкілдік сыныбына» жататын бес автокөлік және шығарылған уақыты 2017 жылдан төмен емес, 4 есікті, 5 орындықты «өкілдік сыныбына» жататын , бір көлікті жалға алып отыр. Жалға алу мерзімі 2020 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Алты көлікті жалға алу құны, айтқанымыздай, бір жылға 54 млн теңге.

«Басшылыққа жасыл түс» немесе лот қандай артықшылық береді

Келісімшартқа сәйкес, өнім беруші (бұл жерде Президент Іс басқармасының Автошаруашылығы - авт) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне   жоғарғы кластағы алты автомобиль ұсынуы тиіс. Осы қызмет министрліктің басшылығы қала ішінде жүріп-тұрғанда, 13 түрлі артықшылық береді.

Мәселен, автомобильдер Нұр-Сұлтан қаласы әуежайы терминалының 1-жолағына тоқтайды. Сондай-ақ үкіметтік (мемлекеттік), әкімшілік ғимараттардың, ұлттық компаниялар мен басқарушы холдингтердің автотұрақтарына кедергісіз өтеді. Қыста көлік салонының іші автономды жылыту жүйесімен, жазда кондиционерлермен жұмыс істеуі керек.  Сондай-ақ, «президенттік гараж»  көлік сынса, тез арада басқа көлік ұсынуға міндетті.

«Өнім беруші автокөлік құралдарын KZ, UD, QR сериялы литерлік мемлекеттік нөмірлермен қамтамасыз етуге; тапсырыс берушінің өтінімі бойынша қала сыртына шығуға (жақын орналасқан аудандар мен облыс орталықтарына бару) міндетті.  Көліктің үрлеу жүйесі, жұмсақ қайырмалы орындықтары, ABS, ГУР, аудиожүйесі болуы шарт», - делінген лоттың техникалық сипаттамасында. Бұнымен қоса, министрлік басшылығы мінетін көлікті сақтандыру осы қаражат ішіне қосылып отыр.  

«Жұмысқа қалай барамын» деп қам жемейтін алтылық

Мемлекеттік сатып алулар сайтындағы лоттың сипаттамасында көлік «министрлік басшыларына арналатыны» және бас-аяғы алты көлік керек екендігі жазылған.


Ал, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтындағы «Басшылық» бөлімінде алты адамның тізімі тұр. Олар министр Біржан Нұрымбетов, жауапты хатшы – Аида Құрманғалиева, бірінші вице-министр Ержан Жылқыбаев, вице-министрлер Нариман Мұқышев, Ақмәди Сарбасов және Ерлан Әукенов.

Яғни, бюджет қаражатынан министрліктің осы алты адамы 2020 жыл бойы айына шамамен 750 мың теңгеге (54 506 250:12:6=757 031 теңге - авт) жол жүреді деген сөз.

Дереккөз: Азаттық рухы

23 қаңтар 2020, 21:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.