Атырау, 22 желтоқсан 20:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Елімізде бірнеше полиция қызметкері ұсталды

Бейнежазба
3 893 рет қаралды


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ішкі істер министрлігінің жеке қауіпсіздігімен бірлесіп, бірқатар облыста ішкі істер органдары қызметкерлері тарапынан жемқорлық фактілерінің алдын алды.

Батыс Қазақстан облысында полиция департаменті патрульдік полицияның бірқатар қызметкері, атап айтсақ, взвод командирі мен полиция капитаны арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алды.

Олар жол ережесін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін жүйелі түрде пара алғаны үшін күдікке ілінді. Взвод командирі ұсталып, Орал қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сол сияқты, Шымкент қаласында жол ережесін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 130 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін қалалық патрульдік полиция қызметінің полиция лейтенанты күдікке ілінді.

Алматы облысында Талдықорған қаласы полиция басқармасының аға тергеушісі, полиция капитанының қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдағаны үшін азаматтан 50 мың теңге пара алуына қатысы тексерілуде.

Маңғыстау облысында пробациялық бақылаудағы тұлғадан жалпы қамқорлық пен қоғамдық жұмысқа тартпауға 60 мың теңге пара алғаны үшін Мұнайлы ауданы пробация қызметінің бөлім басшысына қатысты тергеу жүргізілуде.

Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді кінәсінің дәрежелерін анықтай отырып сот шығарады.


Дереккөз: Sputniknews.kz

23 қаңтар 2020, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.