Атырау, 24 желтоқсан 16:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Әкім лауазымын «сатып алмақ» болған жамбылдық шенеунік жұмысынан қуылды

2 430 рет қаралды


Әкім лауазымын «сатып алмақ» болған Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімінің орынбасары қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Облыстық Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Сүлейменовтің ісі қаралды. Ол жергілікті кәсіпкерлердің бірімен телефон арқылы байланысып, аудан әкімінің қызметін «сатып алу» жөнінде сөйлескен. Мейіржан Сүлейменовтің өзі бұл жай ғана достар арасындағы әзіл әңгіме болғанын айтты. 

Өңір әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында М. Сүлейменов атқарып отырған қызметінен босатылды.

Дереккөз:  Inform.kz

23 қаңтар 2020, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.