Атырау, 29 наурыз 11:56
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Нұр-Сұлтан қаласында 32 әуе рейсі кешіктірілуде

2 015 просмотра


Қолайсыз метеожағдайға байланысты Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Халықаралық әуежайда 32 әуе рейсі кешіктірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сонымен бірге, 17 рейс әуе кемелерінің басқа қалалардан кеш келуіне байланысты орындалмай жатыр. Атап айтқанда, «Air Astana» әуе компаниясының 9 рейсі (олардың ішінде Омбы, Ташкент, Мәскеу мен Киев қалаларына бағытталған халықаралық бағыт), «Qazaq Air» әуе компаниясының Алматы және Қостанай қалалырна 2 рейсі, «Fly Arystan» әуе компаниясының Павлодар және Қостанай қалаларына арналған 3 рейсі, «SCAT» әуе компаниясының Ұлан-Батыр, Алматы және Ақтөбе қалаларына бағытталған 3 рейсі, «LOT Polish» әуе компаниясының Варшаваға бағытталған 1 рейсі кешіктірілген. «Қолайсыз метеожағдайға байланысты әуежайда 15 рейс әуе кемелерінің басқа қалалардан кеш келуіне байланысты орындалмай отыр. 

Мәселен, «Air Astana» әуе компаниясының 7 рейсі, «Qazaq Air» әуе компаниясының 2 рейсі, Fly Arystan» әуе компаниясының 2 рейсі, сонымен бірге «LOT Polish», «Lufthansa», «Turkish Airlines» және «SCAT» әуе компанияларының бір-бір рейсі. Боранның көтерілуіне байланысты әуе сапарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әуе кемелерін мұздауға қарсы өңдеуге рұқсат берілмейді. Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Халықаралық әуежайы штаттық режімде жұмыс істеп тұр.


Дереккөз: Inform.kz

23 қаңтар 2020, 12:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.