Атырау, 24 желтоқсан 16:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Алматыда сот төрағасы пара алды деп күдіктелуде

Бейнежазба
2 383 рет қаралды


Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының төрағасы пара алды деп күдіктелуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

 Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталды. Ол делдал – сот отырысының хатшысы арқылы борышкер азаматтан Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуына санкция бергені үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деп күдіктеліп отыр», - делінген хабарламада. 

2020 жылғы 22 қаңтарда Бас прокурордың қылмыстық қудалаудан артықшылықтары бар судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім алынды. Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.


Дереккөз: Inform.kz

23 қаңтар 2020, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.