Атырау, 24 желтоқсан 19:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Шетелдік көлік иелері митинг өткізетінін айтты

Бейнежазба
2 978 рет қаралды


Оралда жүргізушілер әкімдіктегілерге митинг өткізетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қоғам белсендісі Асқар Шайғұмаровтың YouTube каналында Оралда армян, қырғыз және ресейлік нөмірі бар көліктерге қойылған шектеумен келіспейтін бір топ азаматтың әкімдікке келіп, митинг өткізгісі келгені айтылады. Видеодағы ер адамдардың бірі 25-26 қаңтарда митинг өткізетінін айтады. 


Ақтау тұрғындары да 19 қаңтарда митинг өткізетіндерін айтады. Әлеуметтік желі қолданушылары Ақтөбеде де бір топ жүргізушінің қаладағы сауда орталықтарының бірінде жиналғанын жазып жатыр. 

Еске салайық, осыған дейін ІІМ қазақстандықтарға армян, қырғыз және Ресей көліктеріне байланысты үндеу жасады. ҚР Ішкі істер министрлігі шетелдік есепте тұрған көлікті тіркеуге шақырған болатын. Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі таңда елге Армения, Қырғызстан, Беларусь және Ресейде тіркелген 170 мыңнан астам көлік құралы жеткізілген.

Дереккөз: Tengrinews.kz


17 қаңтар 2020, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.