Атырау, 24 желтоқсан 19:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Депутаттар мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

2 648 рет қаралды


Мәжіліс депутаттары ресейлік телеарнада тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Онда Қазақстанда 2020 жылы наурызда парламент сайлауы өтетіні айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мен ресейлік телеарналардың не айтып жатқанына пікір білдіре алмаймын, өйткені мен оны көрмедім және естімедім де. Алайда біздің партияның саяси кеңесінің отырысында, Парламент және Елбасы, сондай-ақ Мемлекет басшысының отырысында сайлаудың конституциямен бекітілген мерзімінде өтетіні айтылды", - деді Мәжіліс спикерінің орынбасары Гүлмира Исимбаева.  

"Россия 24" телеарнасының кадрынан үзінді "Россия, қызбалыққа салынып отыр. Өздеріңіз білесіздер, бізде Нұрсұлтан Назарбаев сайлаудың конституциялық мерзімде - 2021 жылдың ақпан айында өтетінін бірнеше рет айтты. Ал біреудің қандай да ойлары бары екен деп және жаңажылдық мерекелердің салдарынан пайда болатын нәрселерді маған айту қиын", - деді депутат, Мәжілістің вице-спикері Владимир Божко. Ол сондай-ақ, оның келесі сайлауға қатысуы туралы шешімді Қазақстан халқы Ассамблеясы қабылдайтынын атап өтті. Ресейлік "Россия 24" мемлекеттік телеарнасы Қазақстанда парламенттік сайлау 2020 жылдың наурыз айында өтеді деп айтылған бейнеролик жариялады.  

Дереккөз: Tengrinews.kz

15 қаңтар 2020, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.