Атырау, 24 желтоқсан 22:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Bek Air ұшағының апатқа ұшырауының негізгі нұсқасы аталды

Бейнежазба
2 350 рет қаралды


Апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының қанаттары ажыратуға қарсы сұйықтықпен өңделмеген Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Bek Air ұшағының апатқа ұшырауының негізгі нұсқасын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, ұшақ апатына әуе кемесін мұз қатуы себеп болған. Сондай-ақ, ол Bek Air ұшағының қанаттары ажыратуға қарсы сұйықтықпен өңделмегенін айтты.  


Айта кетейік, Нұр-Сұлтандағы баспасөз-конференциясына премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев, Мемлекетаралық авиациялық комитеттің бас директоры Виктор Сороченко қатысып жатыр. 

Мұның алдында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаев Bek Air әуе апатының үш нұсқасын атаған болатын. "Қазіргі уақытта ІІМ Алматыда болған әуе апатына қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Апаттың үш себебі қарастырылып жатыр. Біріншісі - экипаж қатесі, екінші - борттың техникалық ақауы, үшінші - навигация қызметінің жұмысы", - деген еді ІІМ басшысы. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

10 қаңтар 2020, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.