Атырау, 24 желтоқсан 22:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Иранда құлаған Украина ұшағында Қазақстан азаматтары жоқ – ҚР СІМ

3 180 рет қаралды


Иранда апатқа ұшыраған Украина ұшағында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлады бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров. 

«Иран Сыртқы істер министрлігінің Қазақстанның Тегерандағы елшілігіне берген алдын-ала ақпараты бойынша, Украина әуе акомпаниясының құлаған ұшағының жолаушылары арасында қазақстандықтар жоқ. Сонымен қатар, қазақстандық консул консулдық есепте тұрған Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен байланысып жатыр»,-деді Айбек Смадияров. Ол келтірген мәліметтерге қарағанда, бүгінгі таңда Иранда Қазақстан Республикасының 174 азаматы тіркелген. Осыған дейін Иранда 180 жолаушысы бар Украина ұшағы құлағандығын хабарлаған болатынбыз.


Дереккөз: Inform.kz

8 қаңтар 2020, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.