Атырау, 24 желтоқсан 22:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қазақстан-Иран бағытына қатынайтын әуе рейстері тоқтатылған жоқ

1 873 рет қаралды


Иран Ислам Республикасында қалыптасқан саяси оқиғаларға байланысты Қазақстаннан Тегеранға ұшатын рейстерге шектеу қойылған жоқ.  Бүгін Имам Хомейни атындағы әуежайдың маңында орын алған әуе апатына орай рейстерге ешқандай өзгерістер енбеген. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісі хабарлайды.

Халықаралық рейстер бойынша қазақстандық ірі компания «Эйр Астана»  Тегеран-Алматы, Алматы-Тегеран бағыты бойынша соңғы бір жарым жылда ұшуды тоқтатқан. Компанияның коммуникация жөніндегі менеджері мұны тиімділіктің төмендігінен соң қабылданған шешім деп түсіндірді.

«Эйр Астана компаниясы 2018 жылдың 1 тамызында Тегеран бағыты бойынша ұшуды тоқтатқан. Рейстер қазір Иранға ұшпайды.  Себебі төмен табыс пен жолаушылардың аздығы әсер етті. Осыған орай компания бұл бағыттағы рейстерді тоқтатуға шешім қабылдаған болатын,- деді әуе компаниясының БАҚ-пен байланыс жөніндегі менеджері Тілек Әбдірақымов.

Алматы халықаралық әуежайының дерегіне қарағанда өзге де отандық компаниялар Тегеранға тікелей әуе рейстерін жолға қоймаған. Әуе айлағының баспасөз хатшысы Наталья Соколова қазір тек бір компания ғана Тегеран-Алматы, Алматы-Тегеран бағыт бойынша рейске шығатынын айтады.

«Бізде қазір Қазақстаннан Иран астанасына рейстерді орындайтын жалғыз компания бар. «Mahan Air» компаниясы Имам Хомейни әуежайына дүйсенбі сайын ұшады. Ертенгі сағат 8:45-те Тегераннан Алматыға ұшып шыққан әуе кемесі, сол күні түстен кейін сағат 14.00-де Алматы халықаралық әуежайынан қайтадан Тегеранға бағыт алады»,- деді Алматы әуежайының өкілі. 

«Mahan Air» компаиясының өкілдігі Алматыда орналасқан. Тегеран-Алматы бағыты бойынша ұшу құны 98 мың теңге. Әуе рейстері Airbus A310-300, Airbus A300-600, Airbus A340-300, Airbus A340-600, Boeing 747-300 ұшақтарымен жүзеге асырылады. Компанияның билет сату жөніндегі менеджері аталған бағыт бойынша жоспарлы рейс алдағы дүйсенбіге белгіленгенін айтты.

Дереккөз: Azattyq-ruhy.kz

8 қаңтар 2020, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.